"Барыс" клубы құрамынан бірқатар шетелдік ойыншы кетті

Барыс, хоккей, легионер, Натан Больё, Уилл Бутчерм, Майкл Маклауд, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 20:57 Сурет: hcbarys.kz
Елордалық "Барыс" клубы құрамынан бірқатар шетелдік ойыншы кетті. Бұл туралы ақпаратты команданың баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Барыс" командасы басшылығы қорғаушы Натан Больё мен Уилл Бутчерм және шабуылшы Майкл Маклаудпен арада жасалған келісімшарттың күшін жойды. Үш хоккейші де команда құрамына жаз мезгілінде келіп қосылған болатын.

Құрлықтық хоккей лигасында Натан Больё 8 ойында бір нәтижелі паспен көзге түссе, Уилл Бутчердің 15 ойында 3 нәтижелі пасты тіркеді.

Ал Майкл Маклауд 16 кездесуде 3 мәрте гол соқса, 3 мәрте әріптестеріне нәтижелі пас шығара білген.  

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клуб ресейлік Даниил Апальков және беларусьтік Владислав Кодоламен келісімшарт бұзылғанын хабарлады. 

Айта кетсек, 17 қазанда "Барыс" хоккей командасының бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: