Конькимен жүгіру: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогында үшінші орынға ие болды
Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript