Әмір Омарханов және Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінде өнер көрсетеді

Әмір Омарханов және Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінде өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 17:05 Сурет: ktf.kz
2025 жылғы 18-25 қаңтар аралығында теннистен жасөспірімдер арасында өтетін Australian Open турниріне арналған өтінімдер қабылдау тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың негізгі кезеңіне екі қазақстандық спортшы қатысады: ITF жасөспірімдер рейтингінде әлемнің 16-ракеткасы саналатын Әмір Омарханов және жасөспірімдер арасындағы рейтингтің 73-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы.

Заңғар үшін бұл мансабындағы осындай деңгейдегі алғашқы турнир болмақ.

Ал Әмір өткен жылы Australian Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: