Australian Open-2026 турнирі: Заңғар Нұрланұлының нешінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды

Заңғар Нұрланұлы, Australian Open-2026, теннис, турнир, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 18:27 Сурет: Instagram/nurlanuly_zangar
24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында теннистен өтетін жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің алдын ала өтінім парағы жария болды. Оған сәйкес, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Мельбурнде 10-шы нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының 17 жастағы өкілі бірден басты айналымға қосылады. Бұл турнирде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының тағы екі мүшесі – Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков те өнер көрсетеді.

ITF жасөспірімдер рейтингісінде Заңғар әлемнің 24-ші, Дамир Жалғасбай 60-шы және Даниэль Тазабеков 94-ші ракеткасы болып табылады.

Бұл үш жас 2024 жылы Дэвис жасөспірімдер Кубогының командалық әлем чемпионатының финалында бірге ойнағанын баса айта кетелік. Сол кезде біздің жас таланттарымыз төрт дүркін әлем чемпиондары, Франция өкілдерін жеңіп, бесінші орынға тұрақтаған. Ал Нұрланұлы бірнеше ай бұрын АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: