18 желтоқсанда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
Сурет: Instagram/qaz_team_official
18 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы орталықта бокстан Қазақстан біріншілігі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіс үшін еліміздің ең мықты спортшылары бақ сынасады. Чемпионатқа барлығы 200-ге жуық әйел мен 250-ден астам ер адам қатысады.
Жарыстың алғашқы күнінің қатысушыларын Қазақстан бокс федерациясы өзінің Instagram парақшасында жариялады: Сырымбетов, Теміржанов, Зейнуллинов, Толтаев, Аққалықов және өзгелері бүгін өнер көрсетеді.
Khabar SPORT дерегінше, жарыстың ашылуына шақырылды:
- Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов;
- Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин;
- Әлемге әйгілі боксшы Рой Джонс және басқа да атақты адамдар.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны және Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай 17 желтоқсанда Қарағандыға келгенін Instagram арқылы хабарлады.
Сурет: Instagram/nazym_kyzaibay09
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript