Қазақстандық олимпиадашы Германия кубогының жартылай финалында өнер көрсетті

Қазақстандық олимпиадашы Германия кубогының жартылай финалында өнер көрсетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 09:42 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко Германияның Ной-Ульм қаласында үстел теннисінен Германия кубогының "Төрттік финал" ойындарына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жүлде үшін "Либхерр" (Оксенхаузен), "ТТ" (Саарбрюккен), "ТТС" (Бад-Хомбург) және Қазақстан атынан сынға түсетін Кирилл Герасименко ойнайтын "Вердер" (Бремен) командалары бақ сынады.

Жартылай финал

  • "Либхерр" — "ТТС" — 3:1
  • "Вердер" — "ТТ" — 1:3
  • Маттиас Фальк — Патрик Франциска 0:3
  • Марсело Агирре — Дарко Йоргич 1:3
  • Кирилл Герасименко — Юто Мурамацу 3:0
  • Маттиас Фальк — Дарко Йоргич 0:3.

Финал

  • "Либхерр" — "ТТ" — 3:1

Герасименко — Қазақстанның үздік теннисшісі, ел біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы және үш Олимпиаданың қатысушысы (2016, 2020, 2024).

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық құраманың күміс жүлдені жеңіп алғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: