Қазақстан спортшыларының жас санатына өзгеріс енгізілді

Қазақстан спортшылары, жас санаты, өзгеріс, дзюдо, грек-рим күресі, шорт-трек, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 17:31 Сурет: iijf.org
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері "Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықты қарастырып, мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі. Ондағы негізгі өзгерістер:

  • Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
  • Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
  • Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталатын болды.

Бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы екінші рет ірі есеппен жеңіске жеткенін хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: