EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы қарымта қайтарды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу матчында Дания командасын жеңіп кетті. Осылайша Астанада өткен кездесу 7:3 есебімен алаң иелері пайдасына шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында ел құрамасы бірінші кезеңде төрт гол соқты, деп жазады sportarena.kz.
Ойынның басында Дания құрамасы өз қақпасына автогол соқса, одан кейін Дуглас Жуниор (дубль), Ақжол Дәрібай, Азат Валиуллин, Дамир Қайырбай, Дәурен Тұрсағұлов мергендік танытып, матч барысында ұпай еселей білді.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 7:3 есебімен басым түсті.
Осы жеңісімен Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, алтыншы топтан орын тепті. Ал бұл топтағы Армения да осынша ұпайға ие, ал Дания және Албанияда үш-үш ұпайдан бар.
Айта кетсек, Қазақстан үшін бұл матч реванш болды. Өйткені үшінші турда Қазақстан сырт алаңда Данияға 2:3 есебімен жол беріп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript