Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске қол жеткізді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 22:16 Сурет: instagram/kff_team_futsal
7 наурыз күні футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz-тің хабарлауынша, 6-топтың бесінші турында Рикардо Как шәкірттері өз алаңында Албания құрамасымен ойнады. Астанада өткен кездесу 4:2 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасынан голды Лео (дубль), Шыңғыс Есенаманов және Дәмир Қайырбай соқты.

Кака шәкірттері енді 12 наурыз күні іріктеу кезеңінің шешуші ойынын Ереванда Армения құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салайық, Қазақстан Албания, Дания және Армениямен бірге 6-топта өнер көрсетіп жатыр.

6-топ кестесі:

  • Армения – 10 ұпай;
  • Қазақстан – 10 ұпай;
  • Албания – 3 ұпай;
  • Дания – 3 ұпай.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: