Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында жаңа Олимпиадалық спорт түрінен өнер көрсетті

Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында жаңа Олимпиадалық спорт түрінен өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2025 11:22 Сурет: olympic.kz
Азия ойындары – 2025 аясында ски-альпинизмнен спринт жарыстары аяқталды. Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсем Назырова, Денис Власов және Нияз Жанзақов жартылай финалға дейін жетті. Алайда, шешуші жарыстарға жолдама ала алмады.

Назырова сайысты сегізінші орынмен аяқтады, Жанзақов тоғызыншы, ал Власов оныншы нәтиже көрсетті.

Шыңғыс Байқашев Азия ойындарын 19-орынмен, ал Тимур Артюхин 21-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ски-альпинизм жарыстары Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар бұл спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада ойындарына да кірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: