Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 15:55 Сурет: Instagram/sport_comiteti
2025 жылдың 14 ақпанында Харбин қаласында қысқы Азия ойындары аясында ерлер арасындағы хоккей турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда "алтын" үшін Қазақстан құрамасы Жапониялықтармен бәсекеге түсіп, 5:0 есебімен жеңді.

Азия ойындары тарихында бұл біздің хоккейшілеріміздің бесінші жеңісі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы кубокты 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары жеңіп алған болатын.

Харбиндегі турнир қазақстандық құрама үшін өте сәтті өтті. Шешуші кездесуде жапондықтардың қақпасына алтын шайбаларды Андрей Буялский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко және Кирилл Панюков (дубль) соқты.

Бұған дейін хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: