Нысана көздеу: Азия Кубогында әйелдер құрамасы үздік шықты

Нысана көздеу: Азия Кубогында әйелдер құрамасы үздік шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 19:14 Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле және Арина Алтухова, Елизавета Безрукова ешкімге дес бермеді. Олар 1849.8 ұпаймен күміс жүлдегер Жапониядан 1,5 балл көп жинады. Үздік үштікте Оңтүстік Корея командасы.

Осы жаттығудың жекелей сынында Арина Алтухова 618.2 ұпаймен 4-ші, Елизавета Безрукова 5-сатыдан көрінді. Ал Александра Ле 10-орынға табан тіреді.

Енді ертең әйелдер 3 позицияда нысана көздеуден жүлдеге таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: