17 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

17 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 21:56 Сурет: ktf.kz
Монастирде (Тунис) жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары болатын ITF M15 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов екінші кезеңдегі ойынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 жастағы қазақстандық теннисші 1/4 финалға шығу үшін өткен матчта италиялық Лука Констаньолмен (АТР 738) кездесіп, оны 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Әмір енді ширек финалда француз Шарль Бертимонмен (АТР 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы неміс Том Гентцпен (АТР 472) ойнауға тура келеді.

Ойын ертең, 28 ақпанда, күннің екінші жартысында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: