Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2025 10:40 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: