Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Ербол Хамитов спринт жарысында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 09:38 Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Кеше, 8 наурызда Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшысы Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 7,5 шақырым (отырып) спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен жеңіске жетті.

Бірнеше күн бұрын Қазақстан тарихындағы парабиатлоннан тұңғыш әлем чемпионы Ербол Хамитов шаңғы спортынан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

Ербол Хамитов 9 ақпан күні Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Хамитовтың жекелей сындағы нәтижесі Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: