Денис Никиша: Командамызды мақтан тұтамын, біз көптеген қиындықты еңсердік

Денис Никиша: Командамызды мақтан тұтамын, біз көптеген қиындықты еңсердік, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 09:54 Сурет: olympic.kz
15 наурызда шорт-тректен Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Cпортшы бұл жетістікке жету үшін үлкен еңбек атқарылғанын және команда үшін мақтаныш сезінетінін айтты.

"Сезім? Бұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ішкі сезімді сипаттау қиын. Өйткені мен біздің командамыз осы маусымда қандай қиындықтардан өткенін жақсы білемін. Бізге өте ауыр болды. Биылғы жазда біз орасан зор жұмыс атқардық. Барлығы Олимпиада ойындарына бағытталған. Оған соңғы сәтте емес, алдын ала, ертерек дайындалу керек. Іргетасты дұрыс қалау маңызды.

Сондықтан мен біздің командамызды мақтан тұтамын. Біз Азия ойындарында жеңіске жеттік, енді әлем чемпионатында медаль алдық. Олимпиада алдындағы жүлде мені өзгертпейді, себебі бұл жаңа маусым, жаңа дайындық кезеңі. Алдымен маңызды жарыстарға, содан кейін нақты Олимпиадаға дайындалу керек.

Маусымды медальмен аяқтағанымызға қуаныштымын. Бұл жай ғана Әлем кубогының кезеңдерінде емес, Азия ойындары мен әлем чемпионатында болды. Бізде осындай мықты команда бар екеніне бақыттымын. Біз көптеген қиындықты еңсердік.

Барша жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын," - деді Никиша.

Айта кетейік, Денис Никиша 500 метр қашықтықта екінші орын алды. Өткен жылғы әлем чемпионатында да ол күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Ол – ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық спортшы.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: