Спорттық жүрістен АЧ-2025: Қазақстандық жеңіл атлеттер екі медаль иеленді
Сурет: ҚР ҰОК
Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы бұл жарыста екі медаль иеленді.
Екі жүлде де 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруде бұйырды:
- ерлер арасында Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды, оның көрсеткіші – 1:23:07.
- әйелдер сайысында Жасмин Тоқсанбаева 1:33:11 нәтижесімен қола медаль иеленді.
Бұған дейін Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript