Қазақстандық спортшы Азия ойындарында спорттық жүрістен күміс медаль жеңіп алды

Кристина Морозова , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 11:50 Сурет: Instagram/morozova.497
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық жүрістен жартылай марафон қашықтығында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, екінші орын үшін тартыс қашықтықтың соңғы метрлерінде Қытайдан келген спортшымен болған.

Кристина Морозова 21,1 шақырымды 1 сағат 35 минут 25 секундта жүріп өтіп, үшінші болып келген қытайлық Цзян Юньяньнан (1:35:26) бір секундқа озып кетті.

Алтын медальді тағы бір қытайлық спортшы Ян Люцзин 1:33:40 нәтижесімен жеңіп алды. Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады.

ХХ жазғы Азия ойындары осы күндері Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жеңіл атлетика жарыстары бүгін, 23 қыркүйекте басталды.

Бұған дейін Қазақстанның баскетболдан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы өнерін аяқтағаны туарлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: