Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 12:11 Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
2026 жылғы 23 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жетінші алтын медалін жеңіп алды. Оны велошабандоз Алексей Луценко иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шосседегі велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Луценко 4 сағат 13 минут 11 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осы сайыста күміс медаль тағы бір қазақстандық велошабандоз Евгений Федоровқа бұйырды.

Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтыны. Ол жарыстың алғашқы күні жекелей сайыста да жеңіске жеткен еді.

Алексей Луценко – қазақстандық велоспорттың көрнекті өкілдерінің бірі. Кәсіби мансабында ол бірқатар елеулі нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, 2012 және 2013 жылдары 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаттарында екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ "Париж – Ницца" және "Испания Вуэльтасы" секілді беделді көпкүндік жарыстардың кезеңдерінде топ жарды.

Осы жеңістен кейін Луценконың жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медальдарының саны алтауға жетті. Ол осы ойындар тарихында алтын медаль саны бойынша ең көп жүлде иеленген қазақстандық спортшы атанды.

Қазір Қазақстан құрамасы медаль есебінде Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында тұр. Ел құрамасының еншісінде 16 медаль бар: 7 алтын, 4 күміс және 5 қола.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: