Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 22:48 Сурет: olympic.kz
Амманда (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының үш спортшысы қола медаль үшін бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.

50 келі салмақта Светлана Анкичева Моңғолиядан барған Мунхнар Бямбасуренге жол берді.

59 келі салмақта Гүлдана Бекеш қытайлық Менгю Сеге есе жіберді.

68 келі салмақта Ирина Казюлина Үндістан өкілі Манси Лазаға ұтылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: