Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 17:06 Сурет: International judo federation
Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың үш өкілі жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күресті.

Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берді. Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: