Қазақстандық балуан Азия чемпионатының 1/2 финалында соңғы секундта жеңісті жұлып алды

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының 1/2 финалында соңғы секундта жеңісті жұлып алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 18:13 Сурет: United world wrestling
Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Жәмилә жапониялық Масако Фуруичиден басым түсті. Бақбергенова қарсыласынан бір ұпайға қалып келе жатқан еді. Алайда белдесудің аяқталуына бір секунд қалғанда нәтижелі әдіс жасап, есепті теңестірді.

Басымдық Жәмиләнің жағында болғандықтан, ол финалға өтті. Қарсылас команда "челлендж" сұратқанымен, төрешілер Жәмиләнің әдісін есепке алды.

Осылайша, әйелдер құрамасының көшбасшысы Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі. Финалдық кезең Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: