Қазақстан құрамасының қоржынына қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы түсті

Қазақстан құрамасының қоржынына қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 11:10 Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Софья Самоделкина өзінің алғашқы әлем чемпионатында бақ сынап, нәтижесінде әлемнің ең үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Софья Самоделкина Қазақстан құрамасынан бірінші болып 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатындағы әйелдер бәсекесіне араға алты жыл салып ұлттық құрама мүшесі алғаш рет қатысты. Жарыстың еркін бағдарламасында 24 спортшы бақ сынап, әлем чемпионы атағын және қысқы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін сынға түсті.

Айта кетейік, Софья Самоделкина жуырда Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында да өнер көрсетіп, қола жүлдеге бір қадам жетпей, ақ Азиаданы 4-орынмен аяқтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: