София Самоделкина әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларды анықтайтын дауыс беруге қатысуда

София Самоделкина әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларды анықтайтын дауыс беруге қатысуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 15:18 Сурет: Сали Сабиров
Қазақстандық спортшы Софья Самоделкина әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларын анықтайтын онлайн-дауыс беруге қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беру 17 наурызда Rocerscating сайтында басталды. Оған әлемнің кез келген елінен жанкүйерлер қатыса алады. Платформа мәліметінше, пайдаланушылар бірнеше санат бойынша өз фавориттерін таңдай алады: жекелей сырғанау, жұптық бағдарлама және мұздағы би.

Дауыс беруге мәнерлеп сырғанаудан әлемдік деңгейдегі танымал спортшылармен қатар, осы маусымда жарқырап көзге түскен жас әрі болашағы зор спортшылар да енгізілген.

Сурет: rockerskating

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – жанкүйерлердің қызығушылығын арттыру және оларға өз кумирлерін тікелей қолдауға мүмкіндік беру.

Дауыс беру үшін сайтта тіркеліп, электронды пошта мекенжайын көрсету қажет. Көрсетілген поштаға парақшаны растау үшін арнайы сілтеме жіберіледі.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтетін әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы өнер көрсететіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: