Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 09:42 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді – 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.

Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды – 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді – 215.20 ұпай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: