Юлия Путинцева Австралиядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді

Юлия Путинцева Австралиядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 09:54 Сурет: ktf.kz
Австралияның Брисбен қаласында командалық әлем чемпионатының "D" тобының іріктеу матчтары басталды. Ойын күнін Австралия мен Қазақстан командалары ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрик Рафтер атындағы орталық аренаға бірінші болып Юлия Путинцева (23 WTA) Майя Джойнтқа (78 WTA) қарсы шықты. Қазақстандық бір сағат ішінде қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Алаңда келесі болып Елена Рыбакина (10 WTA) мен Кимберли Бирелл (61 WTA) өнер көрсетеді.

Сурет: ktf.kz

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың анықталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: