Гимнаст Милад Карими Дохадағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.
Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.
Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.
Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript