Қазақстандық боксшы қыздарға қомақты сыйақы берілді

Қазақстандық боксшы қыздарға қомақты сыйақы берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 11:39 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Таяуда Алматыда бокстан Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін әлем чемпионы және тағы бес боксшы 25 мыңнан 100 мың долларға дейін сыйақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Алматы қаласында Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Онда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

Федерация 100 мың долларды келесі спортшыларға табыстады:

  • Назым Қызайбай;
  • Алуа Балқыбекова;
  • Аида Әбікеева.

Виктория Графеева мен Елдана Талипова 50 мың АҚШ долларын алды. Наталья Богдановаға 25 мың доллар сыйға тартылды.

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

"Бұл бізге, артымыздан ерген жас қыз-балдарғада үлкен бір мотивация беред деп ойлаймын! Әрине бұл жетістіктерге жетудін бірінші мақсаты, Еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, ел намысын абыроймен қорғау. Сол үшін төккен тер,жасалған еңбек бағаланып жатса, бұл бізде оданда үлкен жетістіктерге жету үшін жігерлендіреді! Үлкен рахмет сіздерге!",- деп жазды Назым Қызайбай өзінің Instagram парақшасында.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының әлемдегі үздік 20 боксшының бірі атанғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: