Назым Қызайбай: Әр азаматтың таңдауы маңызды

Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 10:44 Сурет: Instagram/nazym_kyzaibay09
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алматы облысының Жаңашар ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Қазір спортшы осы елді мекенде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Боксшы дауыс берген сәтінен суретті Instagram парақшасында жариялады.


"Мен үшін сайлауға қатысу – өз ұстанымымды білдіріп, еліміздің болашағына үлес қосу мүмкіндігі. Әрбір азамат өз таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды орындадым", – деді Назым Қызайбай журналистерге.

Назым Қызайбай сайлауға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін алған. Спортшының айтуынша, ол елдегі маңызды қоғамдық оқиғалардан шет қалмауға тырысады және сайлауға тұрақты түрде қатысады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 23 тамызда Қазақстандағы ахуал тұрақты екенін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелмегенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: