Астанадағы Grand Slam турнирі: Ерасыл Қажыбаев алтын медальға таласатын болады

Ерасыл Қажыбаев, күрес, Астана, Grand Slam турнирі, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 16:09 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының балуаны Ерасыл Қажыбаев елордада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда.

Ерасыл жартылай финалдық бәсекеде грузиялық Иракли Деметриашвилиді жеңді. Оның финалдағы қарсыласы жапониялық Хега Ота болмақ.

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас қола жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетсек, қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: