Төрт алтын: Қазақстанның байдарка мен каноеде есуден Азия чемпионатындағы нәтижесі

Төрт алтын: Қазақстанның байдарка мен каноеде есуден Азия чемпионатындағы нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 19:51 Сурет: olympic.kz
Наньчанда (Қытай) байдарка мен каноеде есу спортынан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 12 жүлдеге қол жеткізді. Оның төртеуі — алтын.

Айтулы жарысқа еліміздің атынан 26 спортшы қатысты. Құрамда тәжірибелі есушілермен қатар жас спортшылар да болды. Нәтижесінде отандастарымыз төрт алтын, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді.

Азия чемпионатында алғаш болып алтын медаль жеңіп алғандар: Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова (екілік байдарка, 500 метр); Ольга Шмелева мен Артем Терещенко (екілік байдарка (аралас), 500 метр); Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (екілік каное (аралас), 500 метр); Қазақстан әйелдер құрамасы (төрттік байдарка, 500 метр).

Құрлықтық біріншілікте жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілгендер: Бекарыс Раматулла (жекелей байдарка, 500 метр); Виктор Степанов (жекелей каное, 200 метр); Стелла Суханова (жекелей байдарка, 1000 метр); Сергей Емельянов пен Полат Торебеков (екілік каное, 500 метр).

Қола жүлде иегерлері: Ольга Шмелёва (жекелей байдарка, 200 метр); Мария Бровкова (жекелей каное, 500 метр); Қазақстан құрамасы (төрттік байдарка (аралас), 500 метр); Қазақстан құрамасы (төрттік каное (аралас), 500 метр).

Командалық есеп бойынша Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынға Иран жайғасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: