Қазақстандық шахматшы БАӘ-дегі Азияның чемпионатында жүлделі атанды

БАӘ-де өткен шахмат бойынша Азияның чемпионатында қазақстандық қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, БАӘ-нің Әл-Айн қаласында өткен классикалық шахмат бойынша Азияның жеке чемпионатында Ксения Балабаева әйелдер арасында қола медаль жеңіп алды.
Ксения 9 партияда 7 ұпай жинап, шешуші турда моңғолиялық халықаралық мастерді жеңді. Осылайша Азия чемпионаты-2025-тің жүлдегерлері қатарына көтерілді.
Ведомство турнир алдында қазақстандық шахматшылар Топ-10 фавориттер қатарында болмағанын да атап өтті.
Бұған дейін Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына жолдама алғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript