Рыбакина Страсбургтегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Рыбакина, WTA 500 турнир, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 17:31 Сурет: Instagram/wta
22 мамыр күні Францияның Страсбург қаласында беделді WTA 500 әйелдер турнирінің ширек финалдық кездесулері басталды. Күннің алғашқы матчында қазақстандық Елена Рыбакина кортқа шықты, ол польшалық Магда Линеттпен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші поляк спортшысын екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Рыбакина әлемнің 33-ракеткасын жеңгеннен кейін турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ол енді Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Эмма Наварро (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Елена Рыбакинаның жетістігіне бірқатар жанкүйерлер қуанып жатса, басқалары 22 мамырда Дмитрий Попконың жеңілісіне қынжылды. Ол "Ролан Гаррос" турнирінің іріктеу финалына өте алмай, колумбиялық Элахи Галанға 1:6, 2:6 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: