Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2026 13:21 Сурет: Instagram/porschetennis
18 сәуір күні Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінің жартылай финалдық кездесулері аяқталды. Осы кезеңде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина финалға шығу үшін ресейлік Мирра Андрееваны (әлемнің 9-ракеткасы) 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Бұл кездесуде тартыс тек бірінші сетте байқалды. Ал екінші сетте қазақстандық спортшы қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, оған тек бір ғана гейм берді.

Осылайша, Елена Рыбакина бүгін, 19 сәуірде турнирдің чемпиондық атағы үшін ойнайды. Финалда ол чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Мухова бұл турнирде 7-ші нөмірмен тіркелген.

Айта кетейік, шешуші ойында чемпиондықпен бірге Porsche автокөлігі де бәйгеге тігіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: