Қазақстандық жүзуші Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды

Жүзуші Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 19:20 Сурет: olympic.kz
Қазіргі уақытта Барселона (Испания) қаласында жүзуден ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші күні Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Әділбек Мусин көрсетті. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда төртінші болып келді.

Төменде А және В финалдарында өнер көрсеткен спортшыларымыздың нәтижелері келтірілген:

  • Ксения Игнатова - 200 метрге арқамен жүзу, 8-орын;
  • Ксения Игнатова - 50 метрге арқамен жүзу, 16-орын;
  • Арсен Қожахметов - 50 метрге брасс әдісімен, 15-орын;
  • Софья Сподаренко - 50 метрге баттерфляй әдісімен, 10-орын;
  • Максим Сказобцов - 100 метрге баттерфляй әдісімен, 14-орын.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: