Рыбакина биыл алғаш рет финалға шықты

Рыбакина биыл алғаш рет финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 20:51 Сурет: instagram/lenarybakina
23 мамыр күні Страсбургте WTA 500 турнирінің жартылай финалдық матчы өтті, онда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакинаның қарсыласы – әлемнің 23-ракеткасы, Бразилиялық Беатрис Хаддад Майя болды. Қазақстандық теннисші кездесуде  7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Рыбакина үшінші сетте 0:2 есебімен ұтылып жатты, алайда кейін қатарынан алты гейм ұтып, жеңіске жетті.

Бұл Елена Рыбакина үшін осы маусымдағы алғашқы финал болмақ. Бұған дейінгі ең үздік нәтижесі – ақпандағы Дубай мен Абу-Даби турниріндегі жартылай финал еді. Финалға шыққаны үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы 87 825 еуро жүлде мен 325 рейтингтік ұпай иеленді.

Финалда Рыбакина Даниэль Коллинз (АҚШ) – Людмила Самсонова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: