19 жасар Дайяна Даренцкая Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Дайяна Даренцкая, каратэ, Азия чемпионаты, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 13:40 Сурет: Instagram/Қазақстан каратэ федерациясы
Қазақстандық каратэші Дайяна Даренцкая Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 68 келі салмақта жеңімпаз атанды. 19 жастағы спортшының бұл – ересектер арасындағы алғашқы үлкен жеңісі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жартылай финалда индонезиялық Аль Хумайра Лубисты тақыр таза жеңді (8:0). Ақтық - шешуші сында Дайяна жапон қызы Кама Цубасаны шаң қаптырды. 

Айта кетсек, Дайяна 2024 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарса, 2023 жылы күміс медальға қол жеткізген.

Бұған дейін Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарғанын жазғанбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: