Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 17:50 Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты - 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді - 338 (152+186) келі.

Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: