Александр Бублик камбэк жасап, "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті

Александр Бублик камбэк жасап, "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 17:20 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Франция ашық чемпионаты — 2025 турнирінің екінші айналымында Аустралия өкілі, әлемнің 9-ракеткасы Алекс де Минорды жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы керемет ерік-жігер танытып, алғашқы екі сетте 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан, кейінгі үш сетте басымдық танытып, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын 2 сағат 52 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 10 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Турнирдің үшінші айналымында Александр португалиялық Энрике Роша мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: