Асхат Тағыберген футболдағы мансабын аяқтады

Асхат Тағыберген футболдағы мансабын аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 09:14 Сурет: Instagram/fc__ordabasy
Қазақстандық футболшы, "Тобыл" клубының жартылай қорғаушысы, ұлттық құраманың капитаны әрі көшбасшысы Асхат Тағыберген мансабын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Әли Әлиев мәлімдеді. 34 жастағы Тағыберген өз шешімін Солтүстік Македониядан (0:1) жеңілгеннен кейін жария еткен.

Тағыберген ұлттық құрама сапында алғаш рет 2014 жылы ойнады, ал 2021 жылы капитан атанды. Ол 63 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Уэльс, Сан-Марино және әйгілі Дания құрамасына гол соққан.

Асхат Тағыберген — ФИФА-ның Ференц Пушкаш атындағы жүлдесіне ұсынылған алғашқы және әзірге жалғыз қазақстандық футболшы. Бұл марапат жыл ішінде ең әдемі гол соққан ойыншыға табысталады.

Бұған дейін Қазақстандық теннисші Анна Данилинаның "Ролан Гаррос" турнирінің финалында жеңіліп қалғандығын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: