Анна Данилина әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Анна Данилина әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 17:16 Сурет: ktf.kz
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сербиялық Александра Круничпен бірге Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина осы табысы арқасында әлемдік рейтингіде 17-ден 9-орынға көтерілді.

Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып есептеледі. Осыған дейін Анна 10-сатыдан аспаған еді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптық сында өнер көрсетіп, "Ролан Гаррос–2025" турнирінің финалында жеңіліп қалған еді.

Финалда олар әлемнің екінші ракеткалары – италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен кездесіп, 2 сағат 15 минутқа созылған матчта үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді – 4:6, 6:2, 1:6.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: