Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті

Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 21:03 Сурет: olympic.kz
Анталья қаласында (Түркия) садақ атудан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сайыста Қазақстан құрамасының атынан Адель Жексембинова ең үздік нәтиже көрсетті.

Спортшы блоктық садақ атудан тоғызыншы орынға ие болды. Роксана Юнусова 17-орыннан көрінсе, Виктория Лян 33-орын алды.

Ерлер арасындағы осы бағдарлама түрінде Андрей Тютюн мен Ақбаралі Қарабаев 17-орынға табан тіреді. Бунед Мирзаметов 33-орында аяқтады.

Классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин 17-орынға ие болды. Дәулеткелді Жаңбырбай мен Дастан Кәрімов 33-орыннан көрінді, ал Әлихан Мұстафин 73-орын алды. Самира Жұмағұлова жарысты 33-орында аяқтаса, Диана Тұрсынбек - 65, Мадина Заемова - 71-орында тұрақтады.

Сондай-ақ, еліміз бұл кезеңде командалық жарыстарда да сынға түсті.

Блоктық садақ ату

Ерлер - тоғызыншы орын

Әйелдер - тоғызыншы орын

Аралас құрам - тоғызыншы орын

Классикалық садақ ату

Ерлер - сегізінші орын

Әйелдер - тоғызыншы орын

Аралас құрам - алтыншы орын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: