Қазақстан Түркиядағы садақ атудан әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондыққа енді

Қазақстан Түркиядағы садақ атудан әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 22:43 Сурет: olympic.kz
Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері кезекті рет үздік он спортшының қатарына енді.

Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев блокты садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына дейін жетті. Бұл кезеңде қазақстандық мергендер Мексика құрамасымен кездесті. Тартысты бәсекеде қарсыластар 158:155 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды хаттамада Лян мен Қарабаев алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшылар Малайзия мен Германия командаларын жеңген болатын.

Бұған дейін әйелдер арасындағы командалық жарыста Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орын алды. Ал ерлер арасындағы осы бағдарламада Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн оныншы нәтиже көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: