Қазақстандық садақшылар Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстандық садақшылар Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 22:51 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы садақ атудан Түркияның Анталья қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 9-14 маусым аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: