Бейбіт Жұқаев алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Бейбіт Жұқаев алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 18:34 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 251-орында) өзінің мансабында алғаш рет Grand Slam санатына жататын атақты Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Жұқаев іріктеудің шешуші матчында француз теннисшісі Лука Павловичті (ATP 239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Бұл — 24 жастағы қазақстандық үшін тарихи жетістік. Былтыр ол негізгі кезеңге бір қадам қалғанда француз Алис Кантенге (3:6, 4:6, 4:6) есе жіберіп, іріктеу финалында сүрінген еді.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық спортшылар — Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов — іріктеуден өте алмады.

Осылайша, "Уимблдонның" негізгі кезеңінде Қазақстан намысын келесі теннисшілер қорғайды: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сында).

Ал жасөспірімдер арасында ел намысын Әмір Омарханов, Занғар Нұрланұлы және Дәмир Жалғасбай (іріктеуде) қорғайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: