Мбаппе ПСЖ клубын психологиялық қысым жасады деп сотқа берді

Мбаппе ПСЖ клубын психологиялық қысым жасады деп сотқа берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 19:37 Сурет: instagram/realmadrid
Мадридтік "Реалдың" француз шабуылшысы Килиан Мбаппе бұрынғы клубы – ПСЖ-ны сотқа берді. Ол Франция чемпионын екі жыл бұрын жаңа келісімшартқа қол қоюға психологиялық қысым жасап, мәжбүрледі деп айыптап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

L’Équipe мәліметінше, "париждіктердің" бұрынғы шабуылшысы сот органдарына ресми шағым түсірген. Бұл іс бойынша алғашқы тыңдау 24 маусымда басталған.

Мбаппенің айтуынша, ПСЖ басшылығы оны 2023 жылы жаңа келісімшартқа қол қоюға итермелеген, ал қарсы болған жағдайда негізгі құраммен жаттығудан уақытша шеттетілген.

Еске салайық, өткен маусым басынан бері Килиан мадридтік "Реал" сапында ойнап жүр. Ол бұл клубқа еркін агент ретінде ауысқан еді

Бір жылдың ішінде-ақ Мбаппе Ла Лигада "Реалдың" көшбасшысы атанып, команданың да, бүкіл Испания чемпионатының да үздік шабуылшысына айналды.

Қазіргі уақытта шабуылшы АҚШ-та өтіп жатқан 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатына (КЧМ) "Реал" сапында қатысып жатыр. Алайда ауруына байланысты әзірше алаңға шыққан жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: