Қазақстанның үздік теннисшісі Сербиядағы беделді турнирдің финалына шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Сербиядағы беделді турнирдің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 11:58 Сурет: ktf.kz
Әлемдік рейтингте 306-орында тұрған қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF турнирінде жоғары деңгейдегі ойынын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, 25 жастағы Құламбаева әлемнің 695-ракеткасы ресейлік Милана Жабраилованы екі сетте 7:6 (7:3), 6:1 есебімен жеңіп шықты. Кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды.

Енді финалда Құламбаева Вукович пен Ривера арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Лондонда (Ұлыбритания) өтетін беделді әлемдік теннис турнирі — "Уимблдонның" жеребесі тартылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: