Наталья Богданова бокстан Әлем кубогының ақтық сынына шықты

Наталья Богданова, Астана, бокс, Әлем кубогы, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 15:45 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсетуші Наталья Богданова Астанадағы Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Наталья жартылай финалда нигериялық Патрисия Мбатамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен Наталья Богданова ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) финалға шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: