Бокстан әлем кубогы: Наталья Богданова ел қоржынына бесінші алтын медальді салды

Бокстан әлем кубогы: Наталья Богданова ел қоржынына бесінші алтын медальді салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 16:26 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Наталья финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті. Айта кетейік бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіске жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: