Аида Әбікеева жартылай финалда Олимпиада чемпионына есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева, елордада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Бусеназ Сурменелимен (Түркия) кездесті.
Нәтижесінде, үш раундтың қорытындысы бойынша Түркия өкілі финалға өтті.
Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші қола медальді салды.
Еске салайық, бұған дейін Айдана Забынбекова бокстан Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript